
а.ж. 15-16 тамызы аралығында Қызылорда қаласында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің мамандарына арналған «Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанында фитомелиоративті жұмыстар» тақырыбында бірнеше семинарлар өтті. Оқытушылар ретінде ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, сондай-ақ Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығының өкілдері болып табылды. Дәріс тақырыптары сексеуіл және галофитті өсімдіктердің биоэкологиялық ерекшеліктері мен тұқым шаруашылығына, тұқымбақта қара сексеуіл отырғызу материалын өсіру, орман қорын зиянкестер мен орман ауруларынан қорғау және т. б. арналды. Семинар соңында барлық қатысушылар емтихан тапсырып, нәтижесінде сертификаттармен марапатталды.