Абай облысында орман жымқырудың алдын алды

Абай облысында орман жымқырудың алдын алды

Абай облысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі құрған арнайы жедел тобы “Семей орманы “мемлекеттік орман табиғи резерваты”РММ-нің Ерекше қорғалатын аумағында жалған құжаттар бойынша орманда ағашты заңсыз алып қоюдың алдын алды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 15 тамызында бақылау-өткізу бекетінде жаңа кесілген қарағай бөренелерімен тиелген КАМАЗ автомашинасы тоқтатылды. Жүргізуші тексерген кезде жалған құжаттар ұсынылды. Пайдаланғаны үшін ақы төлемеу, сондай-ақ жалған түрінде құжаттарды ресімдеу түрінде ағашты алып қою тәртібінің бұзылуы анықталды.
Ағаш материалдары бар Автомашина ұсталды, құжаттар алынды, резерват қызметкерлерінің құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы тексеріледі. Материалдар ҚР ҚК 188-бабында көзделген құқық бұзушылық фактісі бойынша құқық қорғау органдарына берілді.