ШҚО-да орман аймағында жану жедел локализацияланды

ШҚО-да орман аймағында жану жедел локализацияланды

Ұлан ауданында ШҚО әкімдігінің қарамағындағы Асу-Бұлақ КММ аумағында Қазавиаорманқорғау авиациялық патрульдік тікұшағымен орман өрті анықталды. Өрт қол жетпейтін биік таулы жерлерде орын алды. Қолданыстағы алгоритмге сәйкес өртті оқшаулау үшін әуе десанты өрт орнына жеткізілді. Орман өрті ошағының алдын ала ауданы 0,1 га. Өрттің шығу себебі - найзағай разрядынан болуы мүмкін.