2024 жылғы 5 тамызда сағат 15:49 - да «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының Жерновка орманшылығының 98-ші орамында орман өрті анықталды. Орман өрт сөндіру станциясы (мемлекеттік орман күзеті) қызметкерлерінің және әуе патрульдік қызметінің жедел әрекеті нәтижесінде өрт бір сағат ішінде оқшауланды. Өрт ауданы 0,01 га құрады. Өрттің себебі-найзағай разряды.