Инспекторлар браконьерлік фактілерін анықтады

Инспекторлар браконьерлік фактілерін анықтады

      а.ж. 27 шілдесінде “Охотзоопром” Ақтөбе өңірлік филиалының инспекторлық тобы рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Мүғалжар ауданының полиция қызметкерлерімен бірлесіп, “Урал” маркалы мотоциклді басқарған Б. азаматын ұстады, болжам бойынша киікті атып өлтірген. Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында күдіктіден 1 ұшасы мен 16 калибрлі аңшылық мылтығы тәркіленді.

      а.ж. 28 шілдесінде Жамбыл ауданындағы “Қаншеңгел-Топар” тас жолының 175 шақырымында Жусандала мемлекеттік табиғи қорық аймағының инспекторлары рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде, Audi-100 маркалы автомашинаны басқарған  А. азаматы ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштан болжам бойынша қарақұйрықтың ұшасы табылды.

     Осы фактілер ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, санкция мүлікті тәркілеп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.