
Бүгін біз Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының 40 жылдығын қуанышпен атап өткелі отырмыз. Бұл мерейтой табиғатты қорғауға және оның тұрақты дамуына деген ортақ ұмтылысымызды еске салады. Қорық өзінің жұмыс істеген жылдарында жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің баспанасына ғана емес, сонымен қатар экологиялық білім мен туризмнің маңызды орталығына айналды.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің атынан Үстірт қорығын қолдауға және дамытуға өз күш-жігерін жұмсаған және жұмысын жауапкершілікпен жалғастырып жатқан барлық әріптестерімізге алғысымды білдіремін. Біздің жұмысымыз еліміздің табиғи байлығын сақтауға ықпал етуді жалғастыру, бізді болашақта жаңа жетістіктерге шабыттандырсын.
Құрметпен,
Тұрғамбаев Данияр Ғалымұлы
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы