
2024 жылғы 18 маусымда ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д. Тұрғамбаевтың қатысуымен The Nature Conservancy (TNC) табиғат қорғау ұйымының өкілдерімен кездесу өтті.
Бұл ұйым АҚШ-тағы бас кеңсесі және алты құрлықтағы өкілдіктері бар әлемдегі ең ірі табиғатты қорғау ұйымы болып табылады.
Кездесудің мақсаты табиғи нысандарды қорғау саласындағы ынтымақтастықтың басым мақсаттарын белгілеу болды.