
Ботаникалық бақтың қызметкерлері Министрді жүзеге асырылып жатқан қызметпен таныстырып, өздерінің бірегей өсімдіктер топтамалары мен ғылыми зерттеулерін таныстырды. Корей делегациясы гербарий қорымен сондай ақ Ботаникалық бақта сақталған ежелгі өсімдіктердің қазба қалдықтарымен көзбе-көз танысуға мүмкіндік алды. Сапар барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы гербарий қорымен алмасу мүмкіндігі талқыланды.