
Қазақстанда жеке орман өсіруді дамытуға арналған дөңгелек үстел аясында бірқатар өзекті мәселелер анықталып, оларды шешу жолдары талқыланды. Негізгі тақырыптардың бірі ҚР-дағы жеке орман өсіру саласындағы мәселелерді талқылау болды. Қатысушылар жақсартуды қажет ететін негізгі аспектілерді анықтай отырып, саланы қолдау саясаттары мен шараларын талқылады.
Еліміздегі жеке орман өсіруді дамытуға орман ғылымының әлеуетті үлесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар осы саладағы халықаралық тәжірибені талқылап, оны Қазақстанда тәжірибеде қолдану үшін ұсынымдар әзірледі.
Неміс техникалық ынтымақтастық қызметінің (GIZ) және Орталық Азияның инновациялық орман қызметінің (ILUCA) жеке орман өсіруді қолдау саласындағы тәжірибесі мен нәтижелері де дөңгелек үстелде ұсынылды және талқыланды.
Плантациялық орман өсіруге және оның Қазақстан үшін әлеуетіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар елде плантациялық орман өсіруді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады және оны дамыту үшін ұсыныстар әзірленді.
Соңында қатысушылар жеке плантациялық өсіру мен питомник шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік қолдау шараларын қаоастырды, сондай-ақ Қазақстанда жеке орман өсіруді дамыту жөніндегі проблемаларды шешу жолдары мен көзқарастарын пысықтады.
Дөңгелек үстел Қазақстандағы жеке орман өсіру саласындағы жағдайды жақсарту және осы саланы дамыту үшін неғұрлым қолайлы орта құру жолындағы маңызды қадам болды. Іс шара Қазақстандағы БҰҰДБ мен бірлесіп ұйымдастырылды.