
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасының Әскери әуе күштерінің Бас қолбасшысы Н.Е.Топаевтың және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Ғ.Тұрғамбаевтың бастамасымен Пржевальский жылқыларын Қазақстанға алып келіп, жерсіндіру шараларын орындау шеңберінде Қостанай облысының аумағында орналасқан Арқалық қаласының әуежайының жағдайына бақылау жүргізілді.
Аталған әуежайда жылқылармен ұшып келетін ұшақтарды қабылдау жоспарлануда.
Қорғаныс министрлігі тарапынан тиісті ұшу-қону шараларына жауапты мамандар тексерулер өткізіп, әуежайдың әуеайлағының жағдайына жалпы қанағаттанарлық деген баға берді.
Өз кезегінде, 2023 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан-Чехия бизнес-форумы аясында Орман шаруашылығы жн жануалар дүниесі комитеті мен Прага зообағы арасындағы «Жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, атап айтқанда Пржевальский жылқысын қорғау жөнінде» ынтымақтастық туралы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум) қол қойылғанын атап өтеміз.
Аталған меморандум аясында ағымдағы жылдың 3-4 маусымында Чехия және Герман федеративті республикасынан Пржевальский жылқысын Қазақстанға алып келіп, Қостанай облысының аумағында орналасқан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің аумағына жерсіндіріледі.