
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құтқару станцияларын салу үшін екі жер учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға ұсынады:
1. №4 лоты - Имантау к. жағалауы, жер учаскенің алаңы – 1,0 га.
2. №26 лоты - Шалкар к. жағалауы , жер учаскенің алаңы– 0,67 га.
Тендерлік өтінімдер әрбір лот бойынша тендерлік құжаттамаларда белгіленген талаптар мен мерзімдерге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысымен бекітілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидасына сәйкес болуы тиіс.
Тендерлік құжаттаманы алу және тендерлік өтінімдерді қабылдау орнының мекенжайы: Ақмола облысы, 020000, Көкшетау қаласы, Темірбеков көшесі, 54.
Тендерлік құжаттаманы алу тәсілі-қолма-қол немесе өтініш берушінің электрондық мекенжайына.
Тендерлік өтінімдер тендерді ұйымдастырушыға қолма-қол немесе жабық конвертте пошта арқылы беріледі.Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 13.07.2020 ж. сағат 10-00 - ге дейін.
Тендерлік комиссия хатшысының байланыс телефоны және электрондық мекенжайы – 8 (7162) 26-94-54, ішкі.108, kokshepark@mail.ru.