
Жалпы Орталық Азия мен Арал өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи реурстар минстрлігі Арал теңізінің құрғаған табанында (АТҚТ) ауқымды орман мелиорациялық жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылдан бастап 2023 жылға дейін АТҚТ-да 544,5 мың га алқапта орман мелиорациялық жұмыстар орындалды.
Наурыздың 1-3 аралығында Қызылорда облысында «Syr qorǵany – sekseýil» алғашқы эковолонтерлік жоба өтті. Аймақтың экожүйесін қалыпқа келтіру және Арал теңізінің экологиялық апатының зардаптарынан қорғау – аталмыш жобаның көздеген миссиясы. Бұған қол жеткізу үшін Алматы Менеджмент Университеті 80-ге жуық волонтерді жұмылдырды. Олар ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен Арал теңізінің құрғаған табанына бет алып 5100 сексеуіл көшетін отырғызды.
Өткізілген іс-шарамен ағымдағы жылдың орман отырғызу жұмыстары басталды, биыл барлығы 275,0 мың га алқапта орман отырғызу жұмыстарын жүрізу жоспарланып отыр.
Волонтерлер Алматы, Талғар, Астана, Ташкент қалаларынан жиналды. Араларында тіпті АҚШ-тың екі азаматы болды. Сонымен қатар Қызылорда облысының Шиелі, Жаңақорған елдімекендерінің белсенді азаматтары да волонтер қатарынан көрінді. 3 күннің ішінде олар 1030 шақырымды жүріп өтті.
Арал теңізінің құрғаған табанында 2025 жылға дейін барлығы 1,1 млн.га жерде орман мелиорациялық жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.