Прага хайуанаттар бағының өкілдерімен кездесу

Прага хайуанаттар бағының өкілдерімен кездесу

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Прага хайуанаттар бағының өкілдерімен Пржевальский жылқысының Еуропадан Қазақстанға қайта жерсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесуге Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері, Қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығының директоры және т. б. қатысты.
Министр өз сөзінде оқиғаның Қазақстан үшін тарихи маңыздылығын атап өтті. Министр Чехияның Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндірудегі баға жетпес тәжірибесін атап өтті.
Кездесу барысында Прага хайуанаттар бағымен басқа жобаларға, әртүрлі табиғатты қорғау іс-шараларына және биоәртүрлілікті сақтау мәселелері бойынша серіктестікті күшейтуге толығырақ тоқталды.
29 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Пржевальский жылқыларын Еуропадан Қазақстанға қайта жерсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтетінін қосымша хабарлаймыз.