Қызылорда облысында браконьерлер ұсталды.

Қызылорда облысында браконьерлер ұсталды.

     «Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің инспекторлары Қызылорда облысының табиғат қорғау полиция қызметкерімен бірлесіп 2024 жылғы 23 ақпанында сағат 00:30 шамасында Қызылорда-Жезқазған тас жолының 77 шақырымымында м/б kz 392 AFX 11 Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатып, тексерген.

       Автокөлікті тексеру барысында екі дана асхана пышағы қынабымен, бір дана 12 калибрлі 1 ұңғылы аңшы мылтығы, бір дана қолдан жасалған жарық шам, 30 бас ішек қарны мен бастары алынып тасталған киіктің өлі денелері, 1 дана ішек қарны жоқ киіктің өлі денесі, 5 дана мүйізі бар киік бастары анықталған.

      Аталған дерек бойынша Қызылорда облысының Полиция департаментімен ҚК-тің 339-бабы, 3-тармағының 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.