Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭТРМ комитеті төрағасы болып тағайындалды

Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭТРМ комитеті төрағасы болып тағайындалды

ҚР экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев 1987 жылы 19 қаңтарда дүниеге келген. Мемлекеттік аграрлық университетті "Аңшылықтану және аң шаруашылығы" мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы университетінде "Қаржы" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша білім алған.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2010 жылдан бастап жұмыс істеді. Еңбек жолын Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің маманы болып бастаған.

2019-2021жылдары Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры қызметін атқарған.  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде 2021 жылдан бастап төраға орынбасары болды.