БҰҰДБ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 13-15 ақпанында табиғатты қорғауға, МЕТТ-бағалау жүргізу яғни (ЕҚТА) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту бойынша іс-шара өтті.

БҰҰДБ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 13-15 ақпанында табиғатты қорғауға, МЕТТ-бағалау жүргізу яғни (ЕҚТА) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту бойынша іс-шара өтті.

   Осы іс-шара аясында ЕҚТА желісін кеңейту жолдары, оның ішінде табиғатты қорғау құндылығы жоғары жаһандық маңызы бар ормандар мен қар барысының аумағын көбейту талқыланды. Солтүстік, Орталық және Батыс Тянь-Шань орман экожүйелеріне ерекше назар аударылды, онда әртүрлі табиғи саябақтар мен қорықтар аумағында далалық зерттеулер жүргізілді.

    Іс-шараға қатысушылар, Табиғи ресурстар басқармасы, ЕҚТА, ҮЕҰ басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар мен мамандар басқарудың тиімділігі мәселелерін, жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейтуге және құруға байланысты ықтимал проблемалар мен қақтығыстарды белсенді талқылады.