
Сібір таутекесі (Capra sibirica) - дене ұзындығы 140-167 см-ге дейін,
салмағы 59-82 кг-ға дейін, аналықтары кішірек болып келеді.
Аталықтарының мүйіздері қылыш тәрізді артқа иілген және ұзындығы 130
см-ге дейін, аналықтарда 40 см-ге дейін. Оңтүстік Сібір, Орта Азия
тауларында кең таралған. Топтасып тіршілік ететін жануардың мінез-құлқы
өте ерекше болып келеді. Таутекенің ерекшелігі топпен қоректеніп жайылу
барысында қауіп-қатер төнгенін сезген кезде жануар қалғандарына ысқырық тәрізді дыбыс шығару арқылы белгі беріп, бір бағытқа емес жан-жаққа бөлініп қашуға тырысады.
Сурет «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде түсірілген.
Фотограф farkhat_kabdykairov.