
1971 жылы 2 ақпанда Рамсар қаласында (Иран) суда жүзетін құстардың тіршілік ету ортасы ретінде халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер туралы Конвенцияға қол қойылды.
Рамсар конвенциясының тараптары 164 мемлекет болып табылады, ал Рамсар алқаптарының жалпы ауданы 205,04 млн.гектардан асатын 2098-ден астам сулы-батпақты алқаптарға берілді. Қазақстанның Ресми қосылу күні 2007 жылғы 2 Мамыр болып саналады – Конвенция Хатшылығы Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізіміне енгізілген күннен бастап.
Қазіргі уақытта Қазақстаннан халықаралық маңызы бар 10 сулы батпақты алқап Рамсар тізіміне енгізілген:
Рамсар тізіміне осы сулы-батпақты жерлерді қосу сулы-батпақты жерлердің су режимін реттеуші ретіндегі және тіршілік ету ортасы ретінде ерекше флора мен фаунаның, әсіресе суда жүзетін құстардың болуын қамтамасыз ететін маңызды экологиялық функцияларын ескере отырып, аталған аумақтарда қорғау шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.