
Атырау облысы Махамбет ауданының Таңдай ауылдық округіне қарасты Қалмақты ауылының маңында 38 бас киік өлексесі табылып, кейіннен Бақыт Қаметов Facebook желісінде жариялаған факт бойынша материалдар 2024 жылғы 26 қаңтарда Махамбет аудандық ІІБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу амалдарының нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Атырау облысының аумағында киіктердің санын реттеу бойынша іс-шаралар киіктерді және оның дериваттарын реттеу механизмі бойынша бекітілген іс-қимыл алгоритміне (бұдан әрі – Алгоритм) сәйкес 2024 жылғы 16 қаңтарда басталды.
Киіктердің санын реттеу «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларының тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
Бекітілген Алгоритмге сәйкес реттеу нәтижесінде алынған киік ұшалары міндетті түрде асқазан-ішек жолын алып тастап, ішкі мүшелері, басы және терісімен ветеринарлық бақылау үшін ет комбинаттарына жіберіледі, мал дәрігерлері ұшаларды қарап байқаған соң ветеринариялық анықтама береді.
Киік мүйіздері белгіленген талаптарды сақтай отырып, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК дериваттарға есеп жүргізетін жауапты қызметкерінің және аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекцияларының мемлекеттік инспекторларының бақылауымен бөлінеді және кейіннен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК сақтауға жіберу үшін міндетті түрде таңбалауға жатады.