Заңсыз аң аулау фактісі бойынша

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша

@Ohotniki_kz - аккаунтында жарияланған бейнематериалға қатысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әлеуметтік желілер мониторингі барысында 2023 жылғы 18 желтоқсанда @ayanseitkhanov Instagram аккаунтында қылмыстық әрекет белгілері бар (автокөлікпен заңсыз аң аулау) бейнематериал жарияланғанын және оның желтоқсан айының 18-і анықталғанын хабарлайды.

Осыған байланысты аталған фактіні бағалау үшін тиісті материалдар Түркістан облысының ІІД-не жолданды.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.

Фото: kazlenta.kz