
Құрметті достар!
Құстардың кей түрі жылы жаққа ұшып кете алмай, Қазақстанда қыстап қалады. Мұндай жағдайлар жыл сайын болып тұрады. Неге?
Жылы жаққа ұшып кету үшін көп күш пен энергия керек. Кей құстар балапанын кеш шығарып, көшке дейін әлденіп үлгермей қалады. Ке шыққан балапанның да қанаты қатайып үлгермейді. Сондықтан құстар Қазақстанда қыстап қалуға, су қоймаларын мекендеуге мәжбүр.
Табиғат жанашырлары бізге жиі хабарласып, осындай жағдайлардың орын алғанын хабарлап отырады. Тиісінше, инспекторлар айтылған жерге барып, тиісті шараларды қабылдайды.
Мұндай фактілер анықталған кезде сіз Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысына, 8-707-472-52-96 телефоны бойынша қоңырау шала алатыныңызды естеріңізге сала кетейік.
Біз арқылы ақпарат аумақтық инспекторларға жетіп, тиісті шаралар қабылданады.
Құрметпен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сұлтан Мұстафин.
Фото: stihi.ru