
2023 жылдың 5 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» жария тыңдаулар өткізеді.
Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 16-В кіреберіс, 5-қабат.
Тыңдауларға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өкілдері қатысады.
Шарада орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу, мемлекеттік орман кадастырын жүргізу, орман мониторингі сынды мемлекеттік монополияға жатқызылған тауар, қызмет пен жұмыс түрлерінің бағасын бекіту мәселелері талқыланады.
Байланыс телефондары: +7 777 986 81 22 , + 7 727 397 43 41