Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды

2023 жылдың 24 қарашасында «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығының орталық ғимаратында, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Д.Тұрғамбаевтың төрағалық етуімен, Түркістан облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиын өтті.

Шараға Түркістан облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы, «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бірінші басшылары қатысты.

Жиында атқарылған жұмыстар есебі, өзекті мәселелер және олардың шешу жолдары талқыланды.