Сирек кездесетін құстың 12 дарағы еркіндікке жіберілді

Сирек кездесетін құстың 12 дарағы еркіндікке жіберілді

2023 жылғы 03 қарашада Жетісу облысында «Сұңқар» орман тәлімбағында өсірілген 12 ителгі еркіндікке жіберілді.

Құстар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің санын көбейту жөніндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде өтеусіз негізде өсірілді және тәлімбақтан босатылды.

Бұл іс-шаралар жыл сайын өткізіледі және жыл соңына дейін тағы бірнеше дарақ жіберу жоспарланған.