Арқарлардың әуе санағы жүргізілуде

Арқарлардың әуе санағы жүргізілуде

Арқарлардың есебі «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының өкілдерімен, сондай-ақ «Зоология институты» РМК ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының аумақтарында жүргізілуде.

2022 жылы еліміздегі арқар саны:

Абай облысы бойынша – 2542;

Қарағанды облысы бойынша – 7605;

Ақмола облысы бойынша – 445;

 Павлодар облысы бойынша – 1515;

 Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 1152 басты құраған.

Былтыр Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша Қаратау, Тяньшань, Қызылқұм арқарларының саны – 2705 болса, Маңғыстау облысы бойынша Үстірт арқарының саны – 3019 басқа жеткен.

Өткен жылы Қазақстандағы арқарлардың барлық кіші түрлерінің саны – 19730 бас болған.