
2023 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалыны Шымкент тірек бекетінің инспекторлары, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік іс-шара жүргізу барысында Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек ауылынан шамамен 70-80 шақырымда, солтүстік-шығыс бағытында орналасқан «Иінді»-деп аталатын далалықта із кесу барысында, “Урал” мотокөлігін тізгіндеген 1982 жылғы жергілікті тұрғын мен Тасты ауылының 1991 жылғы тұрғыны ұсталды.
Тексеру барысында ішкі құрылыстары алынған 7 бас жабайы аңның (болжам бойнша киік) өлі денелері және құжаты жоқ 12 калибрлі, қос ұңғылы аңшы мылтығы анықталып, тәркіленді.
Аталған іс бойынша Түркістан облысы, Созақ аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 337 бабының 3 тармағымен қылмыстық іс қозғалды.