
Биылғы ауа – райының қолайлы болуына байланысты (тамыз айындағы жаңбыр мен қыркүйек айындағы шуақты күндер) "Көкшетау" ұлттық паркі “Орманды бұлақ" филиалының аумағында ерекше құбылыс орын алды - сарғылт кестежусан екінші рет, күзде гүлдеді.
Айта кету керек, аталмыш өсімдік сәуір-мамыр айларында гүлдейтін. Сарғылт кестежусан сарғалдақ тұқымдастарына жатады.
Көпжылдық гүлді өсімдік Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.