
«Алтын - Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2017 жылы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары мәртебесіне ие болған. Сонымен қатар 2022 жылғы 10-шы қараша күні Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) және Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО) істері бойынша, Халықаралық табиғатты қорғау одағының сарапшылары «Тұран шөлдері» номинациясы бойынша дүние жүзілік табиғи нысан мәртебесіне «Алтын - Емел» МҰТП-ін ұсыну бойынша далалық зерттеу жұмыстары жөнінде парк қызметкерлерінің, Басши ауылдық округі әкім аппаратының қызметкері қатысуымен жиын өтткізілген болатын. Нәтижесінде 2023 жылғы 10-25 қыркүйек аралығында Комитеттің Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында өтіп жатқан кеңейтілген 45-ші сессиясында тиісті шешім қабылданды. 20 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитеті Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы бірлесіп енгізген «Тұранның суық қысқы шөлдері» (Cold Winter Desertsof Turan) көпұлттық номинациясының құрамдас бөліктері ретінде «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және «Барсакелмес» табиғи қорығы аумақтары Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді.