Ұлытау обласында браконьер ұсталды

Ұлытау обласында браконьер ұсталды

2023 жылдың 5 тамыз күні шамамен 21 сағ. "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК және табиғат қорғау полициясы инспекторларының бірлескен рейдтік іс-шарасы барысында Жаңаарқа ауданының Жәйрем кентінен 1998 жылы туған ер адам ұсталды, ол мотокөлігімен киіктің 3 ұшасын тасымалдаған. Тоқтатқан уақытта, күдікті жасырынуға тырысқан.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.