
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ қызметкерлері резерват аумағында 2023 жылдың 5 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүргізілген ғылыми зерттеуді аяқтады.
Аталмыш жұмыс нәтижесінде, резерват флорасы 226 түрлі өсімдікті қамтитыны анықталды, олардың жетеуі еліміздің Қызыл кітабына еігізілсе, 81-і дәрілік қасиеттерге ие.
Дәрілік мақсатта пайдалануға болатын өсімдіктердің қатарында шөптердің 61, бұташықтың 2, жартылай бұташықтардың 4, бұталардың 5 және ағаштың 9 түрі бар.
Атап айтқанда, табиғи адаптоген ягель кейбір туберкулезге қарсы препараттарда, тағамға биологиялық белсенді қоспаларда және косметиканы өндіруде қолданылады, көктемгі адонис суық тигенге ем болса, ұйқышөп - анестетикалық қасиетінің болуына орай сыртқа қолданылады.
Айта кетейік, Қазақстан аумағында 6 мыңнан астам өсімдік түрі кездеседі, оның ішінде 1,5 мыңға жуығы дәрілік болса, 230 түрі ресми медицинада танылған, 390-ы ҚР Қызыл кітабына енгізілген.