Меркі орман шаруашылығындағы өрт оқшауланды

Меркі орман шаруашылығындағы өрт оқшауланды

Орман өрті 2 тамыз күні  сағат 14.20-да  анықталды.  Ауданы шамамен 340 га құрайды. 

Ол Меркі мемлекеттік орман қорының 3,4,16,17 кварталының жерлерін, Аспара - Меркі орманшылығын қамтыды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 273 адам және 28 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК су төгу құрылғысы бар 2 өрт сөндіру ұшағы, Жамбыл облысы ТЖД 1 тікұшағы бар.

ForestGarysh.kz деректеріне сәйкес аталған аумақта 42 өрт нүктелері анықталды.  Ең жақын елді мекен -  Меркі ауданының Талдыбұлақ ауылына дейінгі қашықтық – 20 км. Елді мекендерге қауіп жоқ.