
22 маусым күні таңғы сағат 8.20-да Іле-Балқаш резерватының аумағында қамыс тұтанғандығы анықталды. Өртті сөндіруге резерват қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган, облыстық ТЖ департаментінен 56 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылған.
Аумақтың сулы-батпақты болуы жұмысты қиындатуда, өйткені өрт ошағына техникамен бару мүмкіндігі жоқ. Қазіргі таңда аумақты бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) қолданылуда.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен Қарой ауылына дейінгі қашықтық– 130 км.
26 маусым күні оқиға орнына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесІ комитетінің орынбасары Ерлан Құтпанбаев кетті.