
Естеріңізге сала кетейік, резерват аумағындағы өрт 8 маусым күні таңғы сағат 10 шамасында Казавиаорманқорғау патрульдік тікұшағымен анықталған болатын.
Бұл уақытта Абай облысында өрт қауіптілігінің 5 классы орнатылғанды, сонымен қатар екпінді жел өрттің қарқынды түрде жайылыуына әсер етті.
Өртке қарсы шараларды жедел ұйымдастыру мақсатанда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшылығы оқиға орнына бірден кетті. Сондай-ақ, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен бірінші вице-министр Н.Шәрбиев соңғы 2 күнде аталмыш аумақта.
Қазіргі таңда тілсіз жауды ауыздықтауға 1561 адам, 320 бірлік техника, оның ішінде 11 тікұшақ жұмылдырылды.
Өрт басталғаннан бері әуеден барлығы 621 рет 1863 тонна су төгілді.
Өкінішке орай, ірі орман өртінде қайғылы жағдай орын қалды. Өртке қарсы күресте “Семей орманы” МОТР” РММ Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.