Жедел штабтың мәліметінше, "Семей орманы" резерватында өртті сөндіру кезінде Успенское орманшылығының 14 қызметкері қаза тапты. Естеріңізге сала кетейік, олармен байланыс 8 маусым күні үзілген болатын. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз!