
Ағымдағы жылдың 8 маусым күні Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақтың тазы және төбет ит тұқымдарын жаңғырту тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз брифингі өтті. Аталмыш жиынға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары А.В.Ким, бас сарапшы Р.Б.Есмагулов, «Қазақстан кинологтар одағы» РҚБ президенті Б.С.Серікқали қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Заңда қазақы ит тұқымдарының Ұлттық орталығының функциялары қамтылған.
Ұлттық Орталық ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК құрылымдық бөлімшесі болады. Оның ашылуы осы жылдың шілде айына жоспарланған.
«Ұлттық орталық қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайтумен айналысады деп жоспарлануда, сондай-ақ оның құзіретіне қазақы ит тұқымдарымен жұмыс жасайтын мамандарды даярлау, оларды кинологиялық қызмет бойынша оқыту, шығу тегі туралы куәлік бере отырып, таза тұқымды иттерди өсірумен айналысу, бірыңғай асылтұқымдық кітабін жүргізу, жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп қазақы ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу, иттерге арналған байқаулар, сынақтар, көрмелер ұйымдастыру кіреді. Аталған Ұлттық орталықта қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірленеді, сарапшылар мен кинолог-мамандарды оқыту жүргізілмек», - деп атап өтті төраға орынбасары.
Ұлттық орталық стандартқа неғұрлым жақын, оның ішінде сыртқы-конституциялық сипаттамалары сәйкес қазақы ит тұқымдарын іріктеп алып, олардан таза тұқымды иттер шығармақ. Аталған орталықтың жұмысына ғалымдар мен білікті кинологтар шақыру жоспарланған.
Қазақы ит тұқымдарын әлемдік деңгейде тану үшін халықаралық кинологиялық федерацияға (штаб-пәтері Бельгияда орналасқан) өтінім беру қажет.
Негізгі талап-елдің кинологиялық қоғамдық ұйымының ХКФ-ға толық құқылы мүше болу. Қазақстаннан ХКФ-мен "Қазақстан кинологтар одағы" ынтымақтастықта. Алайда, тазы мен төбетті тануға өтінім беру үшін ҚКО-ғы бірінші кезекте ХҚФ-ның толыққанды мүшесі болуы керек.
Осыған байланысты, 2023 жылдың мамыр айында Бельгияның Тюэн қаласында Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали халықаралық кинологиялық федерацияның (The Fédération Cynologique Internationale) басшысы Ив Де Клерк мырзамен келіссөздер жүргізді. Кездесу аясында ҚКО-ның FCI-ге толық құқылы мүшелігіне ресми өтінім берілді. Бұл мәселе Халықаралық кинологиялық Федерацияның Бас Ассамблеясында 2023 жылғы 21-22 тамызда Женевада (Швейцария) қаралатын болады.
Одақ Президентінің сөзінше, Де Клерк мырза ҚКО жұмысына оң баға беріп, халықаралық кинологиялық федерация атынан одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.