«Семей орманы» резерватында шыққан өрттің аумағы шамамен 100 га

«Семей орманы» резерватында шыққан өрттің аумағы шамамен 100 га

Семей филиалының Батпай орманшылығының аумағында орын алған орман өртінің аумағы шамамен 100 га құрайды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 109 адам, оның 69-ы орман күзетінің қызметкері, 38 бірлік техника,  оның ішінде "Қазавиаорманқорғау" тікұшағы жұмылдырылған.

Орман өрті резерваттың өрт сөндіру станциясынан алыс жерде орын алған. Сонымен қатар, құмды рельеф те өртті сөндіруді қиындатуда.

Естеріңізге сала кетейік, бүкіл мемлекеттік қор аумағында өрт қауіптілігінің төтенше сыныбы сақталуда.