ФАО Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіруге өз үлесін қосады

ФАО Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіруге өз үлесін қосады

2023 жылдың 29 мамыры мен 1 маусымы аралығында ФАО FRIENDS жобасының менеджері Адем Билгин мен ФАО орман шаруашылығы қызметкері Петер Печачек Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Миссияның мақсаты – әлеуетті дамыту бастамаларына елдің қажеттіліктерін бағалау және ормандарды молықтыру әдістерін көрсету үшін пилоттық учаскелерге бару. Сапар аясында ОШжЖДК Орман шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы - Қазақстандағы FRIENDS жобасының ұлттық үйлестірушісі Мәди Нұрпейісов ФАО өкілдерімен жобаның жүзеге асырылу барысын талқылау үшін кездесті.

Билгин мен Печачек ОШжЖДК ұсынған «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының аумағында орналасқан Ақмола облысындағы әлеуетті пилоттық учаскелерді бағалады. Олар сондай-ақ Алматы облысындағы ықтимал пилоттық нысандарды аралады.

Билгин мен Печачек сапары мен бағалауының нәтижесінде жобаның өз мақсаттарына жету жолында екенін растады. Олардың миссиясы болашақ іс-шараларды жоспарлауға да ықпал етті.

Естерінізге сала кетсек, 2022 жылғы сәуірден бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) елдердің ормандарды және басқа да орманды жерлерді қалпына келтіру бойынша ұлттық әлеуетін арттыру, сондай-ақ аймақ елдерінің жер деградациясының алдын алуда мамандардың сараптамасын күшейту бойынша аймақтық жобаны жүзеге асыруда. «Орталық Азиядағы бұзылған ормандарды және басқа да орманды жерлерді қалпына келтіру» жобасы FRIENDS деп те аталады, ФАО-Түркия орман шаруашылығы серіктестігі бағдарламасы аясында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда жүзеге асырылуда.