
Ауа райына байланысты Астана қаласының айналасындағы ормандарда өрт қауіптілігінің жоғары класы сақталған. Осыған орай “Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңде шектеулер туралы” Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № А-7/243 қаулысы негізінде жеке тұлғалардың орманда болуына және онда көлікпен кіруге, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.