Өрт маусымы жалғасуда

Өрт маусымы жалғасуда

Орманды өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, бұл шара жалпымемлекеттік ауқымда жүргізіледі. Орман өртінің басты себептері – өрт қаіпсіздігі ережерлерін бұзу және найзағай салдары. Табиғи апаттар сынды дала өрттері де үлкен аумақтарды қамтиды – сондықтан оларды сөндіруден гөрі, алдын алу оңайырақ.

Орман өрттерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында азаматтар өте мұқият болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы тиіс.

Өрт қаупі бар маусымда орман қоры аумағында:

1) жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек жатқан кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының түбінде от жағуға жол берілмейді;

2) жанып тұрған шырпыны, темекі тұқылын тастауға және темекі тартатын трубкалардан ыстық шоқтарды қағып түсіруге;

3) аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға;

4) жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға;

5) іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда отын багына жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесі бұзылған машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар май құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынады.

Өрт қауіпсіздігінің барлық ережелері мен нормаларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды жалпы апаттан - ормандағы өрттен қорғайсыз!

Естеріңізге сала кетейік,, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік, ал өрт туындаған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.