
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында бес жыл ішінде орман қоры аумағында 2 млрд астам ағаш отырғызу тапсырылды. Ағаштарды отырғызуды қамтамасыз ету жөніндегі осы тапсырманы орындау үшін облыс әкімдіктері ормандарды қалпына келтіру және ормандарды молықтыру жөніндегі кешенді жоспарларды бекітіп, ЭТРМ-мен келісілді.
Жергілікті атқарушы органдардың күшімен 1,5 млрд. астам ағаш, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің күшімен 251 млн. ағаш отырғызылады (ұлттық парктер мен табиғи резерваттар аумағында), сондай-ақ табиғат пайдаланушылардың және өзге де бастамашыл топтардың күшімен 210 млн.дана ағаш отырғызу көзделеді.
Негізінен Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында сексеуіл (714 млн дана) отырғызылмақ.
Онымен қоса келессі ағаш түрлерін отырғызу жоспарланған:
Қарағай – 638,1 млн. данадан астам.;
Қайың – шамамен 120,7 млн. дана;
Қарағаш - шамамен 120,3 млн. дана.;
Басқа түрлері – 407 млн. данадан астам.
Ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде облыстар бойынша орман отырғызу көлемі ғылыми ұсынымдар мен орман өсіру талаптарына сәйкес жоспарланған.
2021-2022 жылдары алға қойған жоспар орындалып, 232,4 мың га алаңда барлығы 421,2 млн. дана ағаш отырғызылды.
Ағымдағы жылға қойған жоспар - 188,8 мың га алқапта 409,4 млн. дана ағаш отырғызу.