ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа жиналысы өтті

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа жиналысы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қ. министр Мағзұм Мырзағлиевтің төрағалығымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2019 жылғы атқарылған жұмыстары мен 2020 жылдың жоспары бойынша алқа жиналысы өтті.

Алқа жұмысы барысында биологиялық әртүрлілікті сақтау мен оны ұтымды пайдалану бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы вице-министр Ерлан Нысанбаев баяндады.

Ағымдағы жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 63,9 мың га ауданда орман отырғызылды.

«Есептік жылы орман өрттерінің ауданы азайды (2018 ж. 162,6 мың га-дан 2019 ж. 73,5 мың га дейін )», - деп атап өтті Е.Нысанбаев.

Орман қорын сақтау мақсатында министрлік тарапынан сексеуілдің барлық ағаш түрін шабуға 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынды.

Есептік баяндамада спикер табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базамен әлсіз жабдықталғанын атап өтті. Оның айтуынша, жабдықталу көрсеткіші нормативтің 74%-нан аспайды, қолда бар техниканың жартысы моральдық жағынан ескірген және табиғи тозған. Осы проблемаларды шешу үшін ведомство жыл сайын техника мен жабдықтарды сатып алуға 1,7 млрд.теңге көлемінде өтінім берсе, оның бюджетпен тек 600,0 млн. қолдауға ие болады.

Вице-министрдің айтуынша, өткен жылы 8 мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзу тіркелген. 7 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке, 53 браконьерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Алқа барысында балық аулау саласын дамыту туралы мәліметтер айтылды. Мемлекеттік АӨК бағдарламасы аясында 2019 жылы 4,8 мың тоннаға жуық балық өсіріліп, 2021 жылға қарай оны 5 мың тоннаға дейін өсіру болжануда. Балықты қайта өңдеу нәтижесінде жалпы құны 58 млн. АҚШ доллар болатын 25 мың тоннаға жуық өнім экспортталды.

«Министрлік Каспий итбалығын сақтау бойынша жұмыстарды бастады. 2019 жылғы шілдеде Солтүстік Каспий акваториясындағы итбалықтың популяциясын зерттеу бойынша 2019-2023 жылдарға арналған бағдарламаға қол қойылды. Ақтау қаласында алғашқы Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы ашылды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен кездесу барысында Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы келісімге қол қойылды», - деді вице-министр.

Алқа соңында вице-министр браконьерлікпен күресті күшейтуге бағытталған заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер туралы хабарлады.

Е.Нысанбаевтың айтуынша, браконьерлердің мүлкін тәркілеу, шетелдіктерді шығарып жіберу, қарастырылған айыппұлдар мен қамауда ұстау мерзімін екі есе көбейту, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін және браконьерлердің өміріне қауіп төндіретін нормалар енгізілді.