Алматы облысының екі азаматы елік аңын заңсыз атқаны үшін күдікке ілінді

Алматы облысының екі азаматы елік аңын заңсыз атқаны үшін күдікке ілінді

2020 жылғы 26 қаңтарда сағат 21:30 шамасында Іле-Алатау ұлттық паркінің мобильді топ инспекторлары рейдтік шара барысында Кеген ауданы Алматы облысы Алматы мемлекеттік қаумалының аумағында Алматы облысының екі азаматын Н.Д. (1981 ж.т.) және К.Ұ. (1981 ж.т.) Хонда маркалы автокөлікте құрықтады.

Көлікті тексеру барысында бес пакетке салынған екі елік аңының жіліктелген еті, Вепрь және Магнум маркалы екі қару, 12 калибрлі 21 оқ, 223 калибрлі 18 оқ, 308 калибрлі 2 оқ, дүрбі мен әртүрлі пышақтар табылды.

Күдіктілердің айтуы бойынша, олар етті жол бойында тауып алып, аудандық полиция бөліміне жеткізбекші болған.

Аталмыш факты Кеген аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.