Киіктерді заңсыз ату туралы ақпарат

Киіктерді заңсыз ату туралы ақпарат

"Охотзоопром "ӨБ"РМҚК Батыс аймақтық филиалының инспекторлары мен Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шара жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумағында мүйіздері кесілген 50-ге жуық атылған киіктердің ұшасын тапты.

Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.