
2020 жылғы 1 наурызда Жайық өзенінің «Нижняя Пешнойская» аймағында Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының балық аулау бригадасы салмағы 148 келі, ұзындығы 2,2 м болатын бекіре тұқымдас ақсерке балығы мен жалпы салмағы 15 келі болатын 3 еркек орыс бекіресін аулады.
Зауыттың мамандары ақсеркеге толық тексеріс жүргізді. Уылдырықты үлкен балықтан ұрпақ алып, жас шабақтарды өсіру мақсатында пайдаланатын болады.
Жайық-Атырау және Атырау бекіре балық өсіру зауыттарымен жыл сайын Жайық өзеніне 7 млн бекіре тұқымдас балығының шабақтары жіберіледі.
2020 жылдың 23 ақпанынан бастап Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытымен бюджеттік бағдарлама аясында мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша бекіре тұқымдас балық өндіргіштерін дайындау жұмыстары басталды.
Өндіргіш балықтарды дайындау іс-шаралары жалғасын табуда.