Су айдындардағы аэрация жұмыстары

Су айдындардағы аэрация жұмыстары

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «ЖасНұр» ӨШК» МКҚК-мен бірлесіп, 2020 жылғы 10 наурыздан бастап 15 наурызға дейін Есіл өзені, Қоянды және Астана су қоймаларында балықтың қырылуын алдын алу шараларын өткізеді.

Есіл өзенінде аэрация жұмыстары бес аумақта өтуде: Сарыарқа көпірі мен жаяу жүргінші көпірі, Ақ Орда маңы, Рамстор дүкенінің маңы және Алатау спорт кешені.

10 наурыз күні Ақ Орда маңындағы аумақта 200 шұңқыр, 11 наурызда Рамстор дүкені аумағында 312 шұңқыр қазылды.

Мамандар су жіберу мен оттегімен байыту үшін арнайы өнімділігі 60 м3/сағ болатын мотопомпаларды (бір мотопомпа күніне 480 м3 суды айдап қотарады), мотобұрғылар мен қамысты қолданды. Мұздың қалыңдығы 1 метр құрайды.