
2020 жылғы 3 сәуірде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның инспекторлары Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барысында Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкет ауылының екі тұрғынының үйінен Қызыл кітапқа енген құстар (2 бас бүркіт, 1 бас үкі) табылып, тәркіленді.
Құстар Шымкент қ. зоологиялық саябағына уақытша ұстауға тапсырылды.
Аталмыш фактілер Сайрам ауданы полиция бөлімінің СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабымен тіркелді.