Ерлан Мұратов ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Мұратов ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Мұратов Ерлан Құрманұлы 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 

Жұмыс өтілі:

*Бурабай кенті әкімі аппаратының есепшісі (2009-2010);

*Бурабай кенті әкімі аппаратының бас маманы (2010-2011);

*Бурабай кенті әкімінің көмекшісі (2011-2012);

*Бурабай кентінің әкімі (2012-2015);

*Бурабай ауданы әкімінің орынбасары (2015-2019);

*Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы (2019-2020);

*ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары (2020 жылдың 15 сәуірінен осы уақытқа дейін).