"Семей орманы" МОТР-дағы орман өрті тоқтатылды

"Семей орманы" МОТР-дағы орман өрті тоқтатылды

Оны жоюға 904 адам, 205 бірлік техника, оның ішінде 10 бірлік тікұшақ және өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Әуеден тікұшақтармен 357 рет шамамен 893 тонна су төгілді. Қазіргі уақытта өрттің таралу аймағы 3500 га.

Естеріңізге сала кетейік, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Төрағасы Н.Н. Қылышбаев және Орман шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы М.Н.Нұрпейісов оқиға орнында.