
Сүзіскен тауешкілер «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орнатылған фототұзаққа ілікті.
Аталмыш жануарлардың аталықтарының мүйізінің ұзындығы 1 метрден асуы мүмкін. Бұл тұяқтылар күндізгі уақытта тауларда жасырынып, таңертең немесе түнде азық іздеп төмен түседі.