
2023 жылғы 22 мамырда «Семей орманы» резерваты Бородулиха филиалының Ауыл орманшылығының 78 орамында Ресей Федерациясынан өткен орман өрті орын алды.Оны 15:00 шамасында өрт-бақылау мұнарасының (ӨБМ) бақылаушысы анықтады.
Өрттің болжамды ауданы 1100 га құрайды, қазіргі уақытта өрттің таралуы жоқ, өрт периметрі бойынша жер жыртылды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 77 бірлік техника, оның ішінде 1 Қазавиорманқорғау тікұшағы, жеке құрамның 215 адамы, оның ішінде «Семей орманы» МОТР-ның орман күзетінің 147 адамы, 54 бірлік техника қатысуда.
Қазіргі уақытта аймақтағы ауа температурасы +18 гр.С, солтүстік-шығыс бағытта екпінді әлсіз жел соғуда.